Әлемнің кез-келген жеріне жеке сапар шегу

Жеке чартердің ең басты артықшылығы мұндай ұшақ әдеттегі әуе компанияларының сапарларына тәуелсіз қажетті бағыт бойынша ғана ұшады. Егер қажетті ұшуды әдеттегі тасымалдаушылар іске асырмаса, жолаушының іске асырар басқа қандай амалы болуы мүмкін? Уақыт пен жүйкені жоғалта отырып, бір немесе қос ауысу арқылы ұшу немесе барынша ұзақ әрі шаршататын жер үсті көлігімен саяхаттау. Іскери авиация мұндай мәселені оңай-ақ шешеді. Сіз өзіңіз және өз компанияңыз үшін AVIAV TM (Cofrance SARL) арқылы жеке ұшаққа тапсырыс беріп, ең қысқа мерзімнің ішінде әлемнің таңдалған қаласына сабырлықпен жете аласыз.

Өзге зор артықшылық серіктестеріңіздің арасында бөгде адамдардың болмауында. Сіз, тіпті, әдеттегі ұшақтың бизнес-санатында кездесетін жайсыз сұхбаттастардан, шулы балалардан, қорылдаушы көршілерден құтыласыз. Сіз тек қана ұшу үшін артық шығынсыз бюджеттік нұсқаға немесе өзіңіз қалаған кез-келген қосымша қызметтері бар қолайлы салонға тапсырыс беру арқылы өзіңізге қажетті жайлылық деңгейін таңдай аласыз.

AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясында – сіз үшін әлемдің өндірушілердің үлгілері ұсынылады: Bombardier, Embraer, Sukhoi Superjet, Pilatus,  Fokker, Saab, Cessna, Dassault Aviation, Gulfstream, Beechcraft және басқалары. Олардың барлығы өзінің сенімділігі мен бірінші санаттағы ұшу сипаттарын дәлелдей білген. Қажетті нұсқаны тек сіз таңдай аласыз, ал қажеттілігіне қарай құзыретті авиациялық кеңес беруші сізге байыпты кеңес ұсына алады.

 

Қырғызстаннан ұшу аумағы

Қырғызстанның әуежайларынан іске асырылатын бағыттардың географиясы айрықша ауқымда деп айтуға болмайды. Тіпті, елдің басты әуе айлағы «Манастың» өзінен Еуропаға ретті сапарлар ұсынылмайды және кейбір азиялық елдер бағытында және Ресейдің қалалыраны ғана талап етілуі мүмкін. Бұл жағдай әлемнің әртүрлі мемлекеттеріне еркін саяхаттау қажет болатын, елдің іскери адамдарының көңілінен шықпайды. Алайда әуе компанияларын да түсінуге болады: оларға бірнеше адам үшін жартылай бос ұшақтарды «ұшыру» тиімсіз.

Бұл жағдайда AVIAV TM (Cofrance SARL) іскери авиациясының халықаралық орталығы қол ұшын созады. Біздің басымдылық ешқандай ауысып отырусыз кез-келген дерлік бағыт бойынша қолайлы уақытта қажетті сапарды ұсынуда жатыр. Қырғызстанның астаналық әуежайының ұшу-қону жолағы мен техникалық жабдықталуы трансантлантикалық ұшуларды іске асыруға қабілетті, ең қуатты алыс магистральды джеттерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан егер сізге үлкен емес компаниямен өзге континентке ұшу қажет болса, онда келесі әрекеттен оңайы жоқ: «Кофрансқа» жасалынған бір қоңырау және біз сізге Dassault Falcon 5X супер ұшағын немесе атақты Gulfstream – G 650 ER ұсына аламыз, сонда сіз олармен жер шарын айнала саяхатты жасай аласыз!

 

Жоғары қауіпсіздік деңгейі

Іскери авиацияда айрықша назар үнемі қауіпсіздік сұрақтарына аударылады. Әрбір әуе кемесі ұшудың алдында мұқият тексеріледі және, егер мінсіз күйде болғанда ғана сапарға рұқсат алады. Бизнес-джетті пилоттауға азаматтық ұшақтардағы мол жұмыс тәжірибесі бар білікті ұшқыштар ғана босатылады. Жолсеріктер де жоғары лауазымды қонақтарға қызмет көрсетуге бағытталған арнайы оқу мен халықаралық аттестациядан өтеді.

AVIAV TM (Cofrance SARL) заңгерлері бірнеше қажетті инстанцияларда оны келістіре отырып, сапарға міндетті рұқсатты алады және тексереді. Әрине, ұшулар әскери әрекеттер аумағында іске асырылмайды және егер мұндай орын жолда жатса, онда ол үлкен арақашықтықта айналып өтеді.

Клиентпен сөйлесу кезінде барлығы қатаң құпиялықта сақталынады. Ешкім, егер өзіңіз қаламасаңыз, сіздің қайда және қашан ұшатындығыңызды білмейді. Қажеттілігіне қарай біз жеке күзетті және әуежайға жеткізу үшін брондалған автокөліктерді ұсынуға дайынбыз.

 

Көмекке тік ұшақтар келгенде

Кейде клиенттерге ұшақтар мүлде ұшпайтын, қиын қол жетімді орындарға жедел түсу талап етіледі. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы осы жағдайда да сізді құтқарады: жылдам трансфер үшін біз тік ұшақты ұсынамыз. Алдымен бизнес-джет сізді таяу әуежайға жеткізеді, ал онда сізді қолды-аяққа тұрғызбастан тағайындау орнына жылдам жеткізеді. Біз әрбір минут маңызды жағдайлардың болатындығын түсінеміз.

Қырғызстанда тік ұшақтарға сұрау өте жоғары. Елдегі тік ұшақтар алаңдары көп, ал бұл көлік құралын жалға алу біршама арзан түседі. Таулы жерлерде тік ұшақтың орнын басатын басқа көлік жоқ, егер AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына жүгінсеңіз, кез-келген сәтте оған тапсырыс беруге болады: біз елдің ішінде кез-келген сапарды және сіздің қажетті өлшем мен сыйымдылықтағы үлгі ұсынамыз.

 

AVIAV TM (Cofrance SARL) – сіздің сенімді серіктесіңіз

«Кофранс САРЛ» еуропалық әуе брокері танымал авиациялық бизнес-қауымдастықтардың мүшесі болып табылады: EBAA (European Business Aviation Association), NBAA (National Business Aviation Association), Avinode көшбасшы чартерлік желі қатысушысы, әлемнің әртүрлі елдерінен, атап айтқанда Қырғызстанның клиенттерінен оң пікірлер мен құрмет наградалары бар. Жұмысымыздың он жылы ішінде біз мінсіз беделге ие болып, ең сенімді серіктестердің қолдауына ие болдық.

Мұның барлығы компанияның тұрақтылығы және беріктігі туралы, бізге сенуге болатындығы және іскери авиациямен байланысты кез-келген міндеттерді жылдам шешуге көмектесе алатындығы туралы айтады. Стандартты емес бағыт бойынша ұшу қажет пе? AVIAV TM (Cofrance SARL) жүгініңіз: сіз жеке бизнес-джетте бірнеше сағаттан кейін ұша аласыз!

 

Яндекс.Метрика Top.Mail.Ru