Жеке ұшақты жалға алу құны қандай

Егер сіз AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясында жеке ұшақты жалға алуды қалайтын болсаңыз, онда сізде туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі мұндай чартердің құнына қатысты болар. Бағаның үнемі жеке есептелетіндігін және көптеген факторларға тәуелді екендігін білу қажет.

Сапардың бағасын есептеу үшін телефон немесе интернет арқылы «Кофранс САРЛ» менеджерімен байланысу қажет. Өз қалауларыңызбен танысқаннан кейін қызметкер сізге бағалары дәл көрсетілген дайын ұсынысты жөнелтеді. Мұндай сұрау сізді ештеңеге мәжбүрлемейді: егер барлық талаптар сіздің көңіліңізден шықса және барлық мәліметтерді келістіргеннен кейін шарт бекітіледі.

 

Баға неден құралады

– Дегенмен де, шамамен алғанда қанша, орташа алғанда қанша? – осы сұрақтарды әлеуетті клиенттер үнемі қояды. Сонымен соманың қалай құрылатындығын талқылап көрелік.

Ең алдымен, ұшақты жалға алу құны сапардың алыстығы мен таңдалған әуе кемесінің типіне тәуелді, бұдан әрі бағаға жолаушылардың саны, сапардың ерекшеліктері, әуежайдағы тұрақтаулардың ұзақтығы ықпал етеді. Соңында қорытынды сома клиент тапсырыс берген барлық қосымша қызметтерді ескере отырып, есептеледі.

Әрине, әуе кемесі алысқа ұшқан сайын, сапардың да құны қымбат болады. Бұдан әрі бағыттар үшін, мысалы, континенттен континентке, айрықша қуатты реактивті лайнерлер талап етіледі және оларды жалға алу құны ең қымбат болмақ. Орташа арақашықтықтарға турбовинттік ұшақпен ұшуға болады. Ол осынша арақашықтыққа жөнелтілетін джетпен салыстырғанда арзан тұрады, себебі мұндай типтегі әуе кемесі пайдалану кезінде барынша үнемді.

Және де, қысқа арақашықтыққа жеңіл ұшақтар қатарына жататын 4 орындықты «малютка», сондай-ақ тік ұшақ жөнелтіле алады. Олардың жалға алу бағасы арзан, алайда олар бірқатар баяу ұшады, сондықтан оларға түсетін тапсырыстар саны аз.

 

Сапар құнын өзіндік есептеуге болады ма

Егер нақты сандарды атайтын болсақ, онда жеңіл ұшақ үшін аспандағы бір сағаттың құны 1,5 мың еуро тұратын болады. Ол үлкен емес багаж саны бар төрттен аспайтын жолаушыларды тасымалдайды. «Малютканы» автотрассадағы автокөлік секілді кептелістер мен бағдаршамдарда тұрмайтын және артық қозғалыстарсыз сізді тікелей бағыт бойынша жеткізетін «әуе таксиі» ретінде көрші қалалардың арасында ұшу үшін тапсырыс беруге болады. Дәл осында қағида бойынша әуежайлардың жеткілікті саны жоқ, таулы жерлерде айрықша өзекті тік ұшақ та жұмыс жасайды.

Жиі жағдайда іскери адамдар бес мың километрге дейін арақашықтыққа ұша алатын орташа ұшақтарға тапсырыс береді. Бұл Мәскеуден айталық Лиссабонға дейін жету үшін жеткілікті. Мұндай кеменің құны аспанда өткізілген бір сағат үшін 3-7 мың еуро аралығында болады. Бағасы әуе кемесінің көлемі мен оның қуаттылығына тәуелді. Әрине 20 жолаушыға есептелген, барынша жылдам джетті жалға алу бар болғаны 5-6 саяхаттаушыларға және үлкен багаж көлеміне есептелген «ұшақпен» салыстырғанда қымбат түсетіні рас.

Соңында, қосымша толтырусыз 10, кейде 15 мың километрге дейінгі арақашықтықты еңсеруге қабілетті алыс магистральды джеттер бір ұшу сағаты үшін жеті мың еуродан басталатын бағада тұрады. Ережеге сай, мұндай ұшақтар, егер олар арнайы тапсырыс бойынша құрылмаған болса, 20 кем емес адамды сыйғызады. Олар шағын болып келуі де мүмкін, мысалы, Gulfstream – G 650  бортына 19 аспайтын жолаушыларды ала алады. Алайда мұндай арақашықтықтарға бірнеше жүз саяхаттаушыларды тасымалдайтын, әдеттегі жинақтамадағы «Боинг» және «Аэрбас» типіндегі барынша ірі ұшақтар ұшады.

Осыдан бұрын айтылып өткендей реактивтікпен салыстырғанда турбовинттік ұшақтар барынша арзан, осы себепті тапсырыс берушілер оларды жиі таңдайды. Егер сіз өз саяхатыңыздың нақты құнын білуді қаласаңыз, онда AVIAV TM (Cofrance SARL) менеджеріне жүгініңіз, ол сізге жағдайыңыз, бағытыңыз бен бюджетіңіз үшін барынша сәйкес келетін үлгіні таңдауға көмектеседі.

 

Жеке сапардың құнына тағы не ықпал етеді

Сондай-ақ жеке ұшаққа тапсырыс беру кезінде әуежайда тұрақтаудың ұзақтығы қомақты маңызды мәнге ие екендігін білу қажет. Аспандағы джет әуежайлар жеткілікті жоғары тарифтерді ұсынатын жермен салыстырғанда анағұрлым арзан. Осылайша, егер сіз шопинг және дос көңілін сұрау үшін Берлинге «тоқтау арқылы» Мадридке ұшатын болсаңы, мұндай саяхат Испанияға дейінгі рейспен салыстырғанда қымбат тұратын болады. Мұндай жағдайда тұраққа төлегеннен гөрі екі әртүрлі ұшақтарға тапсырыс берген жөн.

Әрине, тағайындалған баға борттағы жайлылық деңгейіне де ықпал етеді. Егер сіз орташа статистикалық бизнес санатты еске түсіретін, әдеттегі ортада ұшудың өзіне ғана тапсырыс берсеңіз бір жөн. Және салонда сізде түскі ас және келіссөздерді жүргізу үшін үлкен дөңгелек үстел, кинотеатр, ванна бөлмесі, мейрамханадан алынған, дәмі тіл үйіретін кешу ас болса – басқа әңгіме. Мүмкін, күтіп алу үшін сіз лимузин және жеке күзетке немесе әуежайдан тікелей тік ұшақпен яхтаға трансфер тапсырыс берерсіз. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы сіздің кез-келген қалауыңызды орындайды.

Соманы қалай бөледі

Егер біз сапардың құны туралы айтатын болсақ, онда әуе кемесінің иегері оны жалға беру үшін аз ғана табысты алатындығын ескеру қажет, себебі жеке ұшақтардың иегерлері ғана, ережеге сай, оларды жеке ұшулар үшін қолдана отырып, жалға беруге асықпайды. Джетті пайдалану және ұстау өте қымбат. Сіздің чартер үшін төлеген сомаңыз қалай бөлінеді?

Барлық қаражаттардың үштен бір бөлігі дерлік тек қана жанармай төлеміне кетеді! Тағы 20%-ы ұзақ емес уақытта болса да тұрақ үшін әуежайлар алады, тағы 2%-ы – ұшу кезіндегі аэронавигациялық қызмет көрсетуге жұмсалады. 18% – бұл экипаж мүшелерінің жалақысы. Қолда шамамен 30% қалады. Олар ұшақтың техникалық тексерісіне және оның сервисіне, борттық тамақтануға, авиаброкері гонорарына, қосымша қызметтерге, трансфер типіне, өзге пайдалану шығындарына жұмсалады.

Осылайша, иегердің «қалтасына» ештеңе де түспестен, тек ұшудың өзіне төлем жасайсыз. Әрине, чартерді жалға алуға тек өте бай адамдар, ірі мекемелер, белгілі қоғам қайраткерлері мүмкіндікке ие. Егер сіз жеке сапардың төлемін жасауға дайын болсаңыз, онда өзіңіз үшін қолайлы уақытта AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына жүгініңіз: біз кез-келген бағыт бойынша ұшуды ұйымдастырамыз!

 

Яндекс.Метрика Top.Mail.Ru